ДСМ: Коронавирус жұқтырған 288 науқастың жағдайы ауыр
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомстоваралық комиссия COVID-19-бен оның белгілері бар пневмониямен ауырып жатқандарға қатысты соңғы мәліметтерді жария етті.
ВАК-тың хабарлауынша, 4 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде 22 710 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық жағдайда ем қабылдауда.
Қазіргі таңда 288 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 645 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19-бен ауырғандар саны 157 579-ға жетіп отыр.
Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 2 қаңтардағы мәлімет бойынша, аталмыш диагноз 38 адамға қойылып, 1 өлім жағдайы тіркелген. 47 адам жазылып шыққан.
Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап, бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмонияға 45 984 адам шалдығып, 509-ы қайтыс болған. 33 298 адам жазылып шыққан.
Еске сала кетейік, бұған дейін Атырау облысы Теңіз кенішіндегі стационарда коронавирус жұқтырған 669 адам ем қабылдап жатқанын хабарлаған едік.
Сондай-ақ еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы отандық вакцина наурыз айында, ал Қарағанды облысында өндіріліп жатқан ресейлік вакцина ақпан айында қолданысқа шығарыла бастайтындығын айтқан болатын.
Цой вакциналар нарыққа шыққаннан кейін негізгі қажеттілікті қамтамасыз етеді деген ойда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892143-dsm-koronavirus-zktyrgan-288-naukasty-zagdajy-auyr/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.