jitsu gif branding logo appbranding logo app

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Жақын күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа-райы сақталады. Қазгидрометтің синоптиктері кейбір облыстарда дауылды ескерту жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, 5-6 қаңтар аралығында Түркістан облысының аумағында тұман түседі.

Шымкент қаласының кейбір жерлерінде де 5-6 қаңтар аралығында тұман болады деп күтіліп отыр.

Мамандар ауа райы болжамының дәлдігі 90-95 пайызды құрайтынын жеткізді.

5 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында үскірік аяз болады, кей жерлерде ол – 42 градусқа дейін жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 95-100%.

5 қаңтар күні Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыстан жел соғып, күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

5 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Петропавлда 5 қаңтар күні күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

5 қаңтарда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, солтүстік шығыстан жылдамдығы 15-20м/с жел соғады. Таразда 3-5 қаңтарда кей уақытта тұман түседі. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.