Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы Жаңа жыл нышаны ТМД-дағы ең биік шырша бестігіне енді

Опубликовано:

Шырша
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Әлем елдері мереке қарсаңында жаңажылдық шыршаларды безендірді. Осы ретте Нұр-Сұлтандағы шырша ТМД елдері арасындағы "ең биік" бестікке кірген деп жазады ТурСтат порталы.

Портал ТМД елдерінің астанасындағы ең биік жаңажылдық шыршалар туралы ақпарат жинаған.

Көш басында Түрікменстан астанасы Ашхабадта орналасқан жасанды шырша тұр. Оның биіктігі 41 метр. Мерекенің басты әшекейі "Әлем" мәдени-көңіл көтеру орталығына қойылған.

Екінші орынға Өзбекстан жайғасты. Ташкенттегі Навои атындағы ұлттық кітапхана маңына биіктігі 36 метр болатын жасанды шырша қойылған.

Рейтингтің қола жүлдесі Минсктегі Окябрь алаңына қойылған 30 метрлік жасанды шыршаға бұйырыпты.

Ал Қазақстан төртінші орынға жайғасқан. Нұр-Сұлтандағы EXPO қалашығы аумағына 25 метрлік жасанды шырша орнатылған.

Бесінші орында Қырғызстан астанасы Бішкек тұр. "Ала-Тоо" алаңына 25 метрлік шырша қойылған.

Сонымен қатар 2021 жылдың құрметіне Мәскеуде тірі шырша орнатылғаны атап өтілген. Оның биіктігі 25 метр.

Сайттың жазуынша, Ресейде көбінесе жасанды шырша орнатады. Солардың ішінде Красноярсктағы шыршаның биіктігі 56 метрді құраған.

Еске сала кетсек, еліміздің министрлері Жаңа жылды қалай қарсы алатынын жазған едік.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мерекені отбасымен бірге өткізетінін айтқан болатын.

Алайда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мерекені жұмыста өткізетінін жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892291-nr-sltandagy-zaa-zyl-nysany-tmd-dagy-e-biik-syrsa-bestigine-endi/

pixel