Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласында карантин режимі тағы 2 аптаға ұзартылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шымкентте карантин режимі 2 аптаға ұзартылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Мегаполистің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің "Шымкент қаласының аумағында карантин мен шектеу шараларын ұзарту туралы" қаулысына сәйкес, шаһар аумағында 11 қаңтар сағат 00:00-ден бастап 25 қаңтар сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.

Құжат мәтітінде Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, шығарып салу, құдалықв, той және басқа да іс-шараларды өткізуге тыйым салынатыны айтылған.

Сонымен қатар, қалада 65 жастан асқан адамдардың жүруі шектеледі. Тұрғындарға әлеуметтік қашықты кемінде екі метрге сақтап, маска киіп жүру туралы ескертілді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстарда 5 қаңтарда COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 742 адам тіркелген болатын. Олардың екі жағдайы Шымкент қаласында анықталды.

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1590 44-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 785 адам індеттен жазылып шыққан. Бүгінгі күнге дейін елімізде барлығы 145 979 адам COVID-19-дан жазылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892557-symkent-kalasynda-karantin-rezimi-tagy-2-aptaga-zartyldy/

pixel