Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақының бір бөлігін пайдалану: Өтінім беру 8 қаңтарда басталуы мүмкін

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Зейнетақы қорынан ақшаны уақытынан бұрын алу үшін өтінім 8 қаңтарда қабылдана бастауы мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы "Отбасы банкі" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова Facebook-те өткен тікелей эфир барысында айтқан.

"Бізде жақсы жаңалық бар. Күні кеше біз Қаржылық реттеу агенттігінен бірыңғай зейнетақы төлемін пайдалану бойынша арнайы ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу үшін лицензия алдық. Біз мұндай лицензияны алған алғашқы банк болып отырмыз. Егер зейнетақы жинағын пайдалану ережелері бүгін бекітілсе, онда 8 қаңтарда барлық нормавтивті-құқықтық актілер қабылданып, 8 қаңтарда жұмысты бастап кетеміз", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетсек, 2 қаңтарда Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойған болатын.

Сонымен бірге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ресми сайтында зейнетақы жинағының жеткіліктілік шегіне қатысты деректер жаңарды.

Айта кетсек, 2020 жылдың 1 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдау жасады. Жолдауы барысында перзидент 2021 жылы 700 мыңдай қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін үй сатып алуға, оқуға немесе денсаулығы үшін пайдалана алатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1892589-zejnetakyny-bir-bligin-pajdalanu-tinim-beru-8-katarda-bastaluy-mmkin/

pixel