Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлікпен сүйреген": Атырауда итті азаптаған тағы бір видео желіде тарады

Опубликовано:

Фото
Видеодан кадр: Facebook/Гүлсім Сабирова

Әлеуметтік желіде жануарға жасалған қатыгездіктің тағы бір видеосы пайда болды. Бұл жолы Атырауда итті көліктің артына байлап, тас жолда сүйреген сәтті куәгерлердің бірі түсіріп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Атырау қаласының полиция басқармасы! Жануарға жасалған қатыгездікке байланысты осы іспен айналысып, тексеру нәтижесі туралы қоғамды хабардар етулеріңізді сұраймын! Видеода оқиғаның уақыты мен күні көрсетілген. Ал көлік тоқтағаннан кейін жолаушы итті (сол кезде өліп қалған болуы да мүмкін) жүк салғышқа салды да, ештеңе айтпастан үнсіз кетіп қалды", – деп жазды Гүлсім Сабирова есімді оқырман Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Ақ Жайық басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, Атырау қалалық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты пікір білдірген.

Ведомство ақпаратты растап, "Приора" жүргізушісінің ұсталғанын, қылмыстық кодекстің 316-бабы "Жануарларға қатыгездік жасау"бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлім етті.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Заңында жануарлардың жарақат алуына немесе өлуіне алып келетін кез-келген қатыгездік үшін кінәліге 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу (350 мың теңге) қарастырылған.

Сонымен қатар, осы мөлшерде түзету жұмысына немесе 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Тіпті, 30 тәулікке дейін қамауға алумен жазаланады.

Ескерту! Видеоны балаларға, жүкті әйелдер мен психикасы тұрақсыз адамдардың көруіне болмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892776-klikpen-sjregen-atyrauda-itti-azaptagan-tagy-bir-video-zelide-tarady/

pixel