Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Франция Британиямен шекарасын жапты

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ұлыбританияда таралып жатқан коронавирустың жаңа штамы Франциядан да табылуда. Осыған байланысты жергілікті билік біріккен корольдікпен шекараны жауып, елде санитарлық шараларды күшейтті деп хабарлайды "Хабар 24".

Францияда бүгінгі таңда күніне вирусты орта есеппен 20 мыңға жуық адам жұқтырып, 300 науқас қайтыс болып жатыр.

Елде бұған дейін коменданттық сағат енгізіліп, кешкі сағат сегізден кейін маңызды себепсіз далаға шығуға тыйым салынған. Кей өңірлерде коменданттық сағат кешкі алтыдан басталады.

Мейрамхана, дәмхана, кинотеатр, мұражай, спорт залдары жабылғанымен, оқушылар демалыстан кейін сыныптарына оралған. Осы орайда короанвирустың жаңа штамы оқу орындары арқылы тарап кетпеуі үшін мектептерде балалар мен ұстаздарды бақылау қатаңдатылды. Жергілікті тұрғындар болса, жалпұлттық карантин тағы енгізілетіне сенімді.

"Менің ойымша үшінші одан кейін төртінші локдаун да болады. Өйткені елдегі індетпен байланысты жағдай сондай. Жалпы көшеге шығып, жұмысқа барғанда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға тырысамыз. Қос-қостан бетперде алып жүреміз", - дейді тұрғындардың бірі.

Халық арасында коронавирусқа қарсы вакцинаға сенімсіздік танытып отырғандар да жоқ емес.

"Адамдардың барлығы қанша қаласа да вирусқа қарсы бір уақытта егіле алмайды. Вакцинаға сенімсіздік те бар. Барлығын вакциналау үшін бір жылдай уақыт кететін шығар. Сондықтан биыл тағы локдаун болары анық", - дейді өзге тұрғын.

Франция халықты вирусқа қарсы егу шарасы бойынша көрші елдерден едәуір артта қалып келеді. Мұнда коронавирусқа қарсы вакцина 40 мыңға жуық адамға салынған.

Ал Италия мен Германияда вакцина салдырғандар саны 8 есе артық. Үкімет жуық арада шараны күшейтуге уәде беріп отыр. Алайда бекітілген күнтізбеге сай халықтың негізгі бөлігіне екпені әлі бірнеше ай күтуіне тура келді. Яғни Францияда шектеулер көктемге дейін жалғасуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893038-covid-19-francia-britaniamen-sekarasyn-zapty/