jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері Алматыдан табылды

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкент қаласының полиция қызметкерлері Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен әйелді тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, 2020 жылдың 31 желтоқсанында Шымкент тұрғыны, төрт баланың анасы жұмысқа кетіп, содан қайта оралмаған. Оның телефоны сөндірулі болыпты. Әйелді жұмыс орнынан (әуежайдағы ұшақтардың салонын жуған) ешкім ресми босатпағаны белгілі болды.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 2021 жылдың 9 қаңтарында із-түзсіз жоғалған әйел Алматыдан табылған.  

"Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тексеру барысында анықталғандай, ол отбасылық жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған", - делінген хабарламада.

Өңірдің полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, келесі күні-ақ шымкенттік тұрғын өз үйіне жеткізілген.

Жоғалған әйелдің күйеуі жұбайын дін аман тауып алып келгендері үшін құқық қорғау саласының қызметкерлеріне алғыс айтты.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында күзетшілер тас жол бойында ес-түссіз жатқан қызды тауып алғанын жазған болатынбыз.

Күзет агенттігінің қызметкерлері Ақылбек Шығамбаев пен Дастан Досқалиев 5 қаңтардан 6-на қараған түні Орал-Саратов тас жолында келе жатқан. Олар жол бойында ес-түзсіз жатқан қызды кезіктірген.

"Біз қала сыртында орналасқан объектіден Оралға қарай келе жаттық. Жол бойында қарда адам жатты. Біз тоқтап, біреуді қағып кетті ме, әлде басқа нәрсе болды ма, қыз тірі ме-жоқ па білмедік.

Ол 27-27 жаста болып көрінді. Көйлек киген, оның колготкасы жыртылыпты. Мүмкін оны зорлағысы келді ме немесе өзі жыртып алды ма түсініксіз. Ол бұйығып жатты, қатты тоңғаны көрініп тұрды", - дейді Ақылбек Шығамбаев.

Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері Алматыдан табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.