Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семей тұрғыны автобуста 3 млн теңгесін ұмытып кетті

Опубликовано:

Автобус
Көрнекі сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Семейде полицейлер әйелге автобуста ұмытып кеткен 3 миллион теңге салынған сөмкені қайтарып берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаланың полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10 қаңтарда 1983 жылғы әйел "102" нөміріне қоңырау шалып, 3 миллион теңге салынған қара түсті сөмкесін №35 автобуста ұмытып кеткенін айтқан. Ол тәртіп сақшыларынан автобусты қуып жетіп, ақшасын қайтаруға көмектесуді сұраған.

"Басқарма кезекшісі дереу кезекшілік атқарып жүрген полиция нарядына хабарласып, жедел басқару орталығындағы бейнекамералардың көмегімен автобустың "ЦУМ" аялдамасына жақындап қалғанын анықтап, сол жерге патрульдік полицияның экипажын жіберді", - делінген хабарламада.

Полицейлер автобусты дереу тоқтатып, салонның ішінен ақша салынған қара рюкзакты тауып, әйелге қайтарған.

Әйел жоғалған қаражатын тез арада тауып берген тәртіп сақшыларына алғысын айтуда.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте жаңа жыл қарсаңында жоғалған әуежай қызметкері Алматыдан табылғанын жазған едік.

"Оның денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ. Тексеру барысында анықталғандай, ол отбасылық жанжалға байланысты үйінен кетіп қалған", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Алматы облысында жоғалған жасөспірім Қызылордадан табылғанын жазған болатынбыз. Ол Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында ата-анасынсыз жалғыз өзі жүрген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893221-semej-trgyny-avtobusta-3-mln-tegesin-mytyp-ketti/

pixel