RU

БҒМ мектепте смартфон қолдануды шектейтін бұйрықты түсіндірді

Ұялы телефонға тыйым
Көрнекі фото: pixabay.com

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте Білім және ғылым вице-министрі электронды үкімет сайтындағы "смартфондар мен гаджеттерді мектептерде пайдалануды шектеу туралы бұйрықтың" пайда болуын түсіндірді. Аталған құжат қоғам талқысына ұсынылған, бірақ әлі күшіне енбеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сөз қоғам талқысына ұсынылып отырған бұйрық жөнінде болып тұр. Мұндай жобалар қоғам пікірін, педагог әріптестеріміздің ойын біліп, естіп отыру үшін үнемі жарияланып тұрады. Телефон пайдалануды шектеу мәселесі бірінші рет талқыланып жатқан жоқ.

Тек біздің мемлекет те ғана емес. Жалпы алғанда әртүрлі пікір бар. Сондықтан біз түпкілікті шешім қабылдау үшін бұл мәселені әлі зерттейтін боламыз", - дейді Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Ол смартфондарды пайдалануға қатысты түзетулер тек ұсынылған ереже талқылағаннан кейін ғана енгізелетінін атап өтті.

Айта кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов БҒМ білім беру ұйымдарына алып кіруге және онда пайдалануға тыйым салынатын заттардың тізімін бекітетінін мәлімдеген болатын.

Айтуынша, бұл норма оқу орнында білім алушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтауы үшін және алдын алу шараларын күшейту үшін енгізілді.

Сонымен қатар 18 қаңтардан бастап қазақстандық студенттер жоғары оқу орындарына барып оқи алатынын еске сала кетейік.

БҒМ мәліметінше, 1 курс студенттерін бейімдеу үшін оқу процесі аралас форматта ұйымдастырылады. Яғни дәрістер – онлайн, семинарлар, зертханалық және практикалық сабақтар – күндізгі форматта өтеді.

Ал 2, 3 және 4 курс студенттері оқуын мамандығына қарай қашықтан немесе аралас форматта жалғастыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893336-mektepke-telefon-aparuga-tyjym-salynatyny-ras-pa-bilim-ministrligi-zauap-berdi/