jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алматыда 13 қаңтарда қалың қар жаууы мүмкін

Ауа райы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылдың 13 қаңтарында оңтүстік астанада қалың қар жаууы мүмкін. Осыған орай қала билігі Facebook парақшасында алматылықтарға ескерту жасады.

Қазгидрометтің болжамына сәйкес, бүгін түнде қар жауып, арты қалың қарға ұласуы мүмкін.

Әкімдіктегілер коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын дер кезінде әрі сапалы атқарулары үшін автокөлік жүргізушілерден қалада көлік қозғалысын барынша азайтуды, жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауды, бұл іске түсіністікпен қарауды сұрайды.

Сонымен бірге әкімдік қар тазалауға кедергі жасайтын көліктердің эвакуатормен басқа орындарға жіберілетінін ескертті.

"Көлікпен жүру өте қажет болса, онда жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және кенеттен маневр жасамауға, жол-көлік апатын болдырмауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды-Теміртау тас жолында ірі жол апаты болғанын хабарлаған едік.

Қарлы боранның салдарынан ол жерде алты көлік соқтығысқан. Осы орайда полиция мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін елді мекендерден шықпауға және алыс сапарларды кейінге қалдыруға шақырады.

"Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты алты көлік соқтығысты. Біз тағы да азаматтарды төтенше жағдайлар қызметінің хабарламаларына және біздің ескертулерімізге бей-жай қарамауға шақырамыз. Жолдардың нашар көрінуі салдарынан кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Барлықтарыңыздан сапарды кейінге қалдыруды сұраймыз", – дейі Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматыда 13 қаңтарда қалың қар жаууы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.