Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі ісікке шалдыққан желтоқсаншы әйелдің балалары елден көмек сұрады

Опубликовано:

Зинагүл Тезекбаева
Фото: Instagram.com/anaga_komekteseik

Жатырдың қатерлі ісігіне шалдығып, төсек тартып қалған Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Зинагүл Тезекбаеваның балалары көпшіліктен жан ұшыра көмек сұрауда. Олар анасының хәлі күннен күнге нашарлап бара жатқанын айтады. Зинагүлдің аналық безіне жедел түрде ота жасалмаса, метастаза басқа органдарына жайылып кету қаупі бар деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

2017 жылы Зинагүл Тезекбаеваның жатырынан қатерлі ісік алғаш рет анықталған. Сол кезде ота жасалып, ісіктің беті қайтқандай болған. Науқастың ортаншы баласы Абылай Тұяқбайдың айтуынша 2020 жылы қыркүйек айында қатерлі ісік аналық безінде қайта пайда болыпты.

"Метастаза басталу қаупінде тұр. Қараша айында анам өз анасынан және туған інісінен айырылып қалды. Бұл жағдайдан кейін дерті одан бетер ушығып кетті. Ауруы жанына батқаннан ұйқыдан да айырылды. Отандық медицинаның күші жетпегендіктен шет елге емделуге кеңес берілді. Осы мақсатпен көмек қолын созатын халықтан үміт күтіп отырмыз. Сіздердің аналарыңыз сияқты біздің де анамыз бізге “Әлемнің жарығын сыйлап” еді", - дейді Абылай көпшіліктен көмек сұрай келе.

Желтоқсан қатысушысы
Фото: жеке мұрағат/Зинагүл Тезекбаева

Қазіргі уақытта Зинагүл Тезекбаеваның ұл-қыздары Түркияның Стамбул мен Анталья қаласындағы клиникаларымен жасалатын ем жайында келісіп жатыр. Екі клиника да шақырту жіберген.

Анамыздың шетелдік клиникадағы еміне қажет сома - 25 миллион теңге. Оның әзірге 11 миллион теңгесі жиналды. Ендігі жиналуы қажет сома - 14 миллион теңге. Анамыздың еміне деп ауылдағы үйімізді, көлігімізді саттық. Туған-туыстарымыз да ақшалай көмектесті", - дейді Абылай Тұяқбай.

Зинагүл Тезекбаеваның қызы Ақерке Тұяқбай клиника жіберген шақыртуларды көрсетті. Онда емнің құны науқастың жағдайына байланысты екені жазылған. Сондай-ақ химиялық терапияның бір сеансының бағасы 2000 еуро деп көрсетілген.

Ақерке аталған соманы сол жақтан ем алып келген бірнеше адамнан анықтағанын алға тартады.

"Азаматтарды шетелге емдеуге жіберумен айналысатын турагенттіктер де орташа есеппен анамның диагнозымен 25-30 миллион теңге кететінін айтты. Мен халықтан жиған ақшаның әр тиынына есеп беремін. Егер анамыздың емінен артылып жатса, қалғанын қайырымдылық қорына немесе мұқтаж жандарға аударамын", - деп сендірді Ақерке Тұяқбай.

Абылай Тұяқбай бүгін анасының шетелдік клиника сұратқан ПЭТ-КТ диагностикасынан өтуге баратынын айтты. Оның сөзінше, аталған анализді елімізде тек Алматы мен Нұр-сұлтан қаласында жасайды. Бірақ Алматыда жақын күндері диагностикаға жазылушылар саны көптігінен олар Нұр-сұлтан қаласына жол тартпақшы.

Зинагүл Тезекбаеваның мамандығы - мұғалім. Жұбайы жұмыссыз. Дертке шалдықпай тұрып, олар Алматы облысы Сүмбе ауылында тұрып келген.

"Қазір анамыздың ауырып қалуына байланысты ата-анамызды Алматыға алдыртып алдық. Әзірше туыстарымыздың үйін паналап жүр", - дейді Абылай.

Зинагүл биыл маусымда аманшылық болса 55 жасқа толады екен. Бүгінде асыл жар, екі қыз, бір ұлдың анасы. Бір немере сүйіп отыр. 20 жасында Желтоқсан оқиғасына қатысқаны үшін 1987 жылы Алматы қаласындағы шет тілдер институтының (бұрынғы АПИИЯ) шығарылған. Тек 50 жасында ақталып шығыпты.

Зинагүл Тезекбаеваның жазылып кетуіне себепші болып, қол ұшын созам деушілерге төменде реквизиттер көрсетілген:

РЕКВИЗИТТЕР: KASPI GOLD +7 702 662 3266 (Зинагуль Т.) Zinagul Tezekbayeva ИИН 660630401809 4400 4301 8389 9969 KZ43722C000041243880

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893675-katerli-isikke-saldykkan-zeltoksansy-jeldi-balalary-elden-kmek-srady/

pixel