Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мектеп жоқ: Ақтөбеде алтын кеніші бар ауылдың балалары 4 бөлмелі үйде білім алып жүр

Опубликовано:

4 бөлмелі мектеп
Фото: NUR.KZ

Ақтөбенің Алтынды ауылындағы жағдай мәз емес. Алтын өндіретін кеніші бар ауылдың 127 оқушысы 4 бөлмелі үйде сабақ оқып жүр. Санитар мамандар шағын елдімекен оқушыларына партаға отыруға рұқсат бергенімен бұл жердегі жағдай басқаша. Төрт бөлмелі үй тар болғандықтан бастауыш сыныптардың өзі мектепке бара алмай отыр. Мектепке ұстаздар да сыйар емес деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Алтында ауылында 500-ден аса халық тұрады.

Ауыл маңында алтын мен мыс өндіретін шахталар бар. Алайда облысқа ғана емес, республикаға донор ауылда мектеп жоқ. Ескі мектеп екі жыл бұрын апатты деп танылған. Жергілікті шенеуніктер жаңа білім ордасын тұрғызуға асығар емес.

Тұрғындар бұл мәселені айтып, шаршаған.

"Балалар оқитын мектеп менің үйімнен де кішкентай. Балаға обал. Мазақ қылғандай. Мәселе қашан шешіледі?", - дейді Алтынды ауылының тұрғыны Марат Қоразбеков.

Ауыл балалары қазір кеншілерге арнап салынған төрт бөлмелі үйде оқып жүр. Оған мектептегі 127 оқушының барлығы сыймайды. Санитар мамандар шағын елдімекен оқушыларына білім ордасында сабақ оқуға рұқсат бергенімен, Алтындының ұстаздары барлық оқушыны мектепке шақыра алмай отыр.

Өздері дәлізде журнал толтыратынын айтқан мұғалімдер толық білім беруге мүмкіндік жоқтығын мойындайды.

"Қиын. Барлық ұстаздарға да қиын болып тұр. Қазіргі таңда оқушыларға толық білім беру, толық тәрбие беру мүмкіндігі жоқ. Санитарлық нормаға сәйкес, барлық оқушыны мектепке қабылдау мүмкін болмай тұр. Бірінші және екінші сыныптар ғана оқып жатыр", - дейді Алтынды орта мектебінің директоры Әсет Есенбеков.

4 бөлмелі мектеп
Фото: NUR.KZ

Ал облыстан рұқсат күткен аудандағы әкімдік қызметкерлері мектепке қатысты құрылыс жұмыстары биыл басталуы мүмкін екенін айтады.

"Мектеп құрылысына байланысты жобалау сметалық құжат дайын. Облыстық экономика басқармасына біз құжаттарымызды беріп қойдық. Республикадан, облыстан қолдау тауып жатса, мектеп құрылысын биыл бастап кетеміз", -дейді Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893812-mektep-zok-aktbede-altyn-kenisi-bar-auyldy-balalary-4-blmeli-jde-bilim-alyp-zr/

pixel