Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз нәжісімізге бататын болдық": Мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар шу шығарды (видео)

Жарияланған күні:

Тұрғындар
Скриншот: "Ақ Жайық"

Атырауда былтырғы жылы "Нұрлы жер" және "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламалары бойынша баспана алған "Береке" шағынауданындағы № 33 үйдің тұрғындары жанайқайын жеткізді. Айтуларынша, пәтерлері кәріз құбырларынан шыққан лас суға толуда деп жазады "Ақ жайық" басылымы.

Тұрғын үйдің ауласына жиналып, шу шығарған жергілікті тұрғындар қала әкімшілігінің қызметкерлерін шақырып, шағымын айтты.

"Қазір менің үйімді кім тазалап, жинап береді? Үйім шылқып жатыр. Бірінші қабатта", "Бір-біріне сілтеп тұр, ешкім ештеңе білмейді, сонда кім шешеді?", "37 пәтер, ваннаны қараңыз, су кетіп жатыр", - дейді ашуға мінген тұрғындар.

Айта кетсек, №33 үйдегі барлық пәтерлер екі мемлекеттік бағдарлама бойынша 16 жыл мерзімге жеңілдетілген ипотекамен берілген. Енді жаңа ғимараттың кәріз жүйесінен қандай-да бір себептермен ақау шығып отыр.

"Кәріз жүйесі жұмыс істемейді. Жуынатын бөлме мен дәретханадан лас су сыртқа ағып жатыр. Ол жерде қандай жағымсыз иіс бар екенін елестетіп көріңіз. Қалалық әкімдікке бірнеше рет хабарласқанымызбен, түк шықпады. Біздің қандай қиын жағдайға тап болғанымызды ешкім түсінгісі келмейді", - дейді тұрғындардың бірі Әсел Ысқақова.

"Өз нәжісімізге бататын болдық", - деп қосты өзге тұрғын Гүлайым Мәмбеталина.

Басылымның жазуынша, бірінші қабаттағы жертөлелер мен кейбір пәтерлерді расымен жағымсыз иіс мүңкіген су басып жатыр. Тұрғындар лас судың неге сыртқа ағып жатқанын түсіне алмай, дал болуда.

Тұрғындардың шағымын тыңдауға келген қалалық құрылыс бөлімінің маманы болса, бұл проблеманы бірінші рет естіп отырғанын алға тартты.

Ол бұл жайтқа қатысты "шара қолданатындарына" сендірді. Тұрғындар ештеңе шешілмесе, қала әкіміне дейін баратындарын ескертіп, тарқасты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1893896-z-nzisimizge-batatyn-boldyk-memlekettik-bagdarlamamen-j-algandar-su-sygardy-video/