Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 81 жастағы әжей төлқұжатын жаңартып алды

Опубликовано:

Көші-қон полициясы
Фото: Түркістан облыстық ПД

Мақтаарал АПБ-нің полицейлері аудан бойынша денсаулығы төмен және қарт кісілерге көмек беру мақсатында құрылған мобильдік топ мүшелері мен ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше тұрғынның үйін аралады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Көші-қон полицейлері Мақтаарал ауданына қарасты Табыс ауылының тұрғыны, 81 жастағы Қойсын Әуезованың үйіне барған. Балалары оның төлқұжатының мерзімі өткенін айтқан. Полицейлер бірден халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірге кейуанаға жаңа төлқұжат табыс етті. 80-нен асқан әжей 16 жыл бойы денсаулығына байланысты үйінен шыға алмаған соң, полицейлер құжатты үйіне апарып беруді жөн көрген.

Аудан тұрғыны тәртіп сақшыларына өз алғысын білдірді.

"Менің төлқұжатымды жасап, үйіме алып келіп берген көші-қон қызметіне рахметімді айтамын!", - деді ол.

Қарт әжейдің ақ батасын алған полицейлер әрі қарай өз жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

Сонымен қатар, Жалын ауылының тұрғыны көші-қон қызметіне келіп, баласы Шохан Мырзабековтің жеке басын анықтайтын төлқұжатының мерзімі өткенін, яғни баласының денсаулығы төлқұжат рәсімдейтін арнайы мекемеге баруға жарамайтынын жеткізген. Тәртіп сақшылары ХҚКО қызметкерлерімен бірлесіп,тұрғынның үйіне барып, жаңа төлқұжат жасап береді.

Түркістан облысы полицейлері карантин режимін сақтай отырып, әрбір қала, аудандағы егде жастағы тұрғындардың мерзімі өткен жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894017-trkistan-oblysynda-81-zastagy-zej-tlzatyn-zaartyp-aldy/

pixel