Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Екі дүркін Олимпиада чемпионына Капитолийға басып кірді деген айып тағылды

Опубликовано:

Клит Келлер1
Фото: Donald Miralle/Getty Images

Вашингтондағы Федералдық сот жүзуден екі рет Олимпиада чемпионы атанған Клит Келлерге қарсы Дональд Трамптың жақтастарымен бірге Капитолийге жасаған шабуылға байланысты үш бірдей айып таққан. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасаған Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Басылымның жазуынша, АҚШ құрамасының бұрынғы мүшесі Капитолийға заңсыз кірді, полицияға кедергі келтірді деп айыпталып отыр.

Ол оқиға кезінде суреттен анықталған. Қазір оның әлеуметтік желілердегі аккаунттары өшірілді, байланыста жоқ. Келлердің ұсталған, ұсталмағаны белгісіз деп хабарлайды CNN.

Клит Келлер – 2000, 2004 және 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Алғашқы алтын медалін 2004 жылы Афинада алған. Екінші алтынды Бейжіңде өткен ойында иеленген. Қазір ол Колорадода риелтор болып жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, 6 қаңтарда Дональд Трамптың жақтастары Вашингтондағы Капитолий ғимаратына одан кейін сенат залына баса көктеп кіріп, Капитолийді басып алған болатын.

Олар Джо Байденнің жеңісін мақұлдамақ болған Конгрестің жиынын тоқтатып, тәртіпсіздік жасаған еді.

Байден Трамптың жақтастарының әрекетін жай наразылық емес, бүлік деп атады.

Оқиға кезінде бес адам қаза тапты. Дональд Трамп митингіде жақтастарын күш қолдануға шақырмағанын айтты.

Бұл жайттан кейін соң көп ұзамай Twitter мен Facebook желілері оның аккаунттарын бұғаттап тастады.

Ал Вашингтонда төтенше жағдай жарияланды. ТЖ режимі 2021 жылдың 11 қаңтарынан бастап 24 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894076-bak-eki-drkin-olimpiada-cempionyna-kapitolijga-basyp-kirdi-degen-ajyp-tagyldy/

pixel