RU

Өткен тәулікте 978 қазақстандықтан коронавирус анықталған

Дәрігер
Көрнекі фото: Mikhail Tereshchenko\TASS via Getty Images

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Өткен тәулікте 978 адамнан коронавирус анықталған деп хабарлайды Coronavirus2020.kz.

"Қазақстанда өткен тәулікте 978 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", – делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 128

Алматы қаласы - 115

Шымкент қаласы - 13

Ақмола облысы - 79

Ақтөбе облысы - 7

Алматы облысы - 92

Атырау облысы - 91

Шығыс Қазақстан облысы - 30

Жамбыл облысы - 23

Батыс Қазақстан облысы - 46

Қарағанды облысы - 57

Қостанай облысы - 72

Қызылорда облысы - 3

Маңғыстау облысы - 17

Павлодар облысы - 135

Солтүстік Қазақстан облысы - 54

Түркістан облысы - 16

Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 168 096-ға жетті.

Еске салсақ, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.

Сонымен қатар, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа енгені туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың мәліметіне сәйкес, 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, БАӘ, Египет, Түркия, Грузия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі ұшып келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894136-tken-tulikte-978-kazakstandyktan-koronavirus-anyktalgan/