Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 15 адам қайтыс болды
Жарияланған күні:
Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмонияның тағы 94 жағдайы тіркелді деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram арнасы.
"17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 24 373 адам короновирус инфекциясынан (12 653 КВИ+ және 11 720 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 296 пациент стационарда, 18 077 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр", – делінген хабарламада.
Оған қоса, COVID-19 жаңа құрбандары туралы ақпарат пайда болды. Ол денсаулық сақтау министрлігінің ресми Telegram арнасында жарияланды.
Өткен аптада коронавирустан 11 адам жан тапсырған.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 294 адамның жағдайы ауыр;
• 64 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 45 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерекке сәйкес, 94 жағдай тіркеліп, 4 өлім жағдайы туралы хабарланды. 151 адам ауруынан сауығып кетті. Деректер 2021 жылдың 15 қаңтарына берілген деп атап көрсетілген.
Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария еткен еді. Өткен тәулікте 978 адамнан коронавирус анықталған.
Оған қоса, Қазақстанда өткен тәулікте 598 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды.
Сонымен қатар, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894142-kazakstanda-koronavirus-pen-pnevmoniadan-tagy-15-adam-kajtys-boldy/