Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау және Павлодар облыстары коронавирусқа байланысты "қызыл" аймаққа енді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

2021 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға сәйкес, қазіргі таңда "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар облыстары бар деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сары" аймақта – Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Барлық басқа аймақтар "жасыл" аймақта орналасқан.

Қазақстан Республикасы жалпы алғанда коронавирустың "сары" аймағынға жайғасқан.

Бір күн бұрын "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан, Ақмола, Қостанай облыстары болған.

Өткен тәулікте Павлодар облысында COVID-19-дың 135 жаңа жағдайы, Нұр-Сұлтанда – 128, Алматыда – 115, Алматы облысында – 92, Атырау облысында – 91, Ақмола облысында – 79, Қостанай облысында – 72 жағдай тіркелді.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты соңғы деректерді жария етті. Өткен тәулікте 978 адамнан коронавирус анықталған.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда өткен тәулікте 598 адам коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды.

Оған қоса, "Ақмола облысының аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы" Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 16 қаңтардағы қаулысы Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жария болды.

Сонымен қатар, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қызыл аймаққа енгені туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894150-atyrau-zne-pavlodar-oblystary-koronaviruska-bajlanysty-kyzyl-ajmakka-endi/

pixel