Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды

Опубликовано:

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Ресейде бүгін, 18 қаңтардан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей премьер-министрінің орынбасары Татьяна Голикованың сөзінше, COVID-19-ға қарсы ресейлік екі вакцина тіркелген.

Бұл елдің денсаулық сақтау министрлігі өткен жылдың жазында "Спутник V" вакцинасын тіркеуден өткізген еді. Кейінірек "Вектор" орталығы жасаған "ЭпиВакКорона" препараты да тіркелді.

Одан бөлек Чумаков атындағы иммунобиологиялық препараттарды зерттеу және дамыту бойынша федералды ғылыми орталығы үшінші вакцинаны жасап жатыр.

Бұған дейін ресейлік денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко "Спутник V" вакцинасының 1,6 млн дозасы шығарылғанын, жақын уақытта тағы 2 млн доза түседі деп күтілетінін айтқан еді.

Ал 2020 жылы желтоқсан айында Ресейде медицина қызметкерлері, мұғалімдер мен әлеуметтік қызметкерлер және халықтың осал топтары коронавирусқа қарсы екпе салдырған.

Айта кету керек, ресейліктер вакцинаны тегін әрі ерікті түрде алады.

Еске сала кетсек, Германияда Pfizer вакцинасын салдырған 10 адам қайтыс болғанын жазған едік.

Сонымен бірге Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 қаңтарда БАҚ өкілдерінің алдында коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның бірінші дозасын қабылдаңан болатын.

Анкарадағы қалалық ауруханалардың бірінде жасалған процедура халыққа тікелей эфир барысында көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894228-resejde-koronaviruska-karsy-zappaj-vakcinacialau-bastaldy/

pixel