Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көші-қон комитеті қандастардың квотасын азайту себебін айтты

Опубликовано:

Девушка держит паспорт в руках
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ішкі істер министрлігі қандастарға арналған жыл сайынғы квотаны азайтудың себебін түсіндірді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл жөнінде көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейітжанов онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, бүгінде жыл сайынғы квота толығымен орындалмайды. Сондықтан оның көлемін азайтты.

"Негізі, квота мәселесі біздің құзіретімізге кірмейді. Өйткені оны еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітеді. Алайда осы салада жұмыс істеп жүргеннен кейін оны жақсы білеміз. Бізде жыл сайын квота бөлінеді. Алайда ол квота 100 пайызға орындалмайды. Өйткені қазір қандастардың келуі азайып жатыр. Оның әртүрлі себептері бар", – деді Сейітжанов.

Ол елімізге Қытай мен Өзбекстаннан қандастар көп келетінін жеткізді. Бірақ олардың саны да азайған.

Айта кетейік, өткен жылдың соңында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар куәлігі eGovMobile қосымшасында қолжетімді екенін хабарлаған болатын. Ал ондай сервис мемлекеттік мекемеге құжаттың түпнұсқасын өзімен бірге алып келмегендер үшін қолайлы.

Куәлік иесі телефондағы мессенджерлер арқылы өзінің электронды құжатын талап еткен жерге көрсете алады. Сонымен қатар, цифрлық құжаттарда QR-код арқылы ашу мүмкіндігі бар, бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894297-ksi-kon-komiteti-kandastardy-kvotasyn-azajtu-sebebin-ajtty/

pixel