Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ай сайын 600 мың адам: Коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспары жарияланды

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі үкіметтің онлайн-отырысында 2021 жылға арналған қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинациялау жоспарын жариялады. Жоспарда ақпаннан бастап жылдың әр айында қанша адамға екпе егу жоспарланғаны нақты көрсетілген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Алексей Цойдың айтуынша, бүгін, 19 қаңтарда Қарағанды ​​фармацевтикалық кешені мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры арасында 20 мың дозадан тұратын "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясын жеткізу туралы келісімге қол қойылады.

Бірқатар процедурадан кейін 1 ақпанға дейін коронавирусқа қарсы вакцина Қазақстан бойынша таратылады. Алғашқы лекте әрбір өңірге 1000-1500 доза беріледі. Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматы облыстарына 1500 дозадан жіберіледі.

2021 жылы "Спутник V" вакцинасын 6 млн қазақстандыққа салу жоспарлануда. Оның 2 миллионы бірінші жартыжылдықта, қалған 3-4 млн екінші жартыжылдықта салынады.

  • Ақпан айына жоспар - 100 мың адам. Бұл №1 кезеңдегі топта инфекциялық ауруханалардың, жедел жәрдем, жансақтау бөлімінің, ауруханалардағы қабылдау бөлімдерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері бар.
  • Наурыз - 150 мың адам. Бұл №2 кезеңдегі топта мектеп, ЖОО, орта арнаулы оқу орнының педагогтері, ведомстволық медициналық қызметтердің қызметкерлері бар.
  • Сәуір - 600 мың адам. №3 кезеңдегі топқа мектеп-интернат педагогтері, мектепке дейінгі балалар мекемесі, созылмалы аурулары бар адамдар кіреді.
  • Мамыр - 600 мың адам. №4 кезеңдегі топқа Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері және басқа станционарлардың медқызметкерлері, мектепке дейнгі білім беру мекемесінің қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар жатады.
  • Маусым - 600 мың адам. №5 кезеңдегі топқа медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, созылмалы аурулары бар адамдар кіреді.
  • Шілде - желтоқсан - 600 мың адамнан. Бұл кезеңде "қауіп тобында қалғандардың" барлығына екпе егіледі.

Еске сала кетсек, Алексей Цой коронавирустың шарықтау шегі наурыз айының соңында болатынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894519-aj-sajyn-600-my-adam-kimet-koronaviruska-karsy-vakcinacialau-zosparyn-zarialady/

pixel