Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар WhatsApp-тың "жаңа" ережелеріне алаңдаушылық білдірді

Опубликовано:

Телефон дисплейі
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстандықтар желіде WhatsApp-тың "жаңа ережелері" туралы жаңалықты жаппай таратуда. Онда бұдан былай мессенджердегі барлық жеке хат-хабарлар мен пайдаланушылардың жеке мәліметтеріне үшінші тұлғалар қол жеткізе алатыны, қоңыраулар жазылатыны айтылған.

StopFake сайтының жазуынша, 2020 жылғы желтоқсанда WhatsApp деректерді өңдеудегі өзгерістер туралы мәлімдеме жасаған. Бірақ онда қолданушылардың жеке ақпаратын үшінші тұлғаларға беру қарастырылмаған.

Дегенмен, пайдаланушылар жаңа ережелерді қабылдауға қатысты алаңдаушылық танытқан. Өйткені, келіспегендер мессенджерде бұғатталатын болған. 

Бұған адамдар наразылық білдіріп, қосымшаны пайдаланудан жаппай бас тартқан.

Нәтижесінде WhatsApp тиесілі Facebook әкімшілігі жаңашылдықты енгізуді кейінге қалдырған.

WhatsApp блогындағы ақпаратқа сәйкес, 8 ақпанда, бұрын хабарланғандай, келіспеген пайдаланушылардың аккаунттары бұғатталмайды.

"Біз WhatsApp-тағы құпиялылық пен қауіпсіз қатынас қағидалары туралы шындыққа жанаспайтын қауесеттерді жою үшін белсенді жұмыс істейміз. Содан кейін компаниялар үшін жаңа мүмкіндіктер пайда бола бастаған кезде пайдаланушыларымызға біртіндеп 15 мамырға дейін жаңа саясатпен танысуды ұсынамыз", – делінген хабарламада.

Қорыта айтқанда, үшінші тарап WhatsApp қолданушыларының жеке хат-хабарларына заңды түрде қолжеткізе алатындығы туралы хабарламалар жалған деп жазады басылым.

Еске салсақ, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған WhatsApp мессенджерін пайдаланудан бас тартқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1894789-kazakstandyktar-whatsapp-ty-zaa-erezelerine-aladausylyk-bildirdi/

pixel