RU

Зейнетақы жинағынан ақша алу: Өтінім беру сайты 23 қаңтарда іске қосылады

Зейнетақы
Көрнекі фото: expansion.mx

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану үшін өтінім беруге болатын сайт 23 қаңтарда іске қосылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Отбасы Банкінің" сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 23 қаңтарда "Отбасы Банкі" Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім қабылдау үшін онлайн-платформаны іске қосады.

Бүгінге дейін банкте арнайы 57 мың шоттың ашылғаны белгілі болды.

"Бір жолғы зейнетақы аударымын азаматтар өздігімен пайдалана алады. Ал егер БЖЗҚ салымшысы алуға болатын төлемді пайдаланғысы келмесе, ол оны өзінің туысына мәселен зайыбына аудара алады", - делінген хабарламада.

Өтініш бергенге дейін қолданыстағы ЭЦҚ бар болуы қажет.

"ЭЦҚ арқылы немесе өзге электронды тәсілмен уәкілетті оператордың интернет-ресурсында тіркелу, жеке кабинетті ашу және арнайы шот ашуға өтінім беру қажет. Өтініш беруші арнайы шотты уәкілетті оператордың ішкі құжатында белгіленген өзге тәсілмен аша алады.

Арнайы шотты ашқаннан кейін арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолжетімді соманы, жеке табыс салығын ұстап қалу және аудару тәсілдерін көрсете отырып, біржолғы зейнетақы төлеміне арналған электронды өтініштерді толтырыңыз", - делінген банк хабарламасында.

Толығырақ ақпаратпен банктің ресми сайтында танысуға болады.

Еске сала кетсек, кеше индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану ережелерін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895090-zejnetaky-zinagynan-aksa-alu-tinim-beru-sajty-23-katarda-iske-kosylady/