Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда дәрігерлер үш айлық баланың жұтқыншағынан әшекейді алды (фото)

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі сурет: pixabay.com

Маңғыстау облысында дәрігерлер үш айлық сәбидің жұтқыншағынан динозавр пішінді әшекейді алып тастады деп хабарлайды Lada.kz.

Басылымның жазуынша, 20 қаңтарда нәресте Жаңаөзен қаласынан облыс орталығына шұғыл жеткізілген.

Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасының дәрігері Қазбек Шүкіров баланы ұйықтату арқылы әшекей бұйымды нәрестенің жұтқыншағынан эндоскопиялық әдіспен алған.

"Бақытымызға орай, сәби аман қалды. Егер ол затты тереңірек жұтып қойғанда оның зардабы қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін еді", – дейді дәрігер.

Ата-анасының айтуынша, сәбидің аузына әшекей бұйымды екі жас үлкен бауыры салған көрінеді.

Ақ халаттылар ата-аналарға сақтық шараларын сақтап, әсіресе кішкентай балаларға мұқият болуды еске салды.

әшекей1
Фото: Маңғыстау облысы

Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда дәрігерлер инсульт алған екі айлық нәрестені құтқарып қалғанын жазған болатынбыз.

9 қаңтарда сәби Маңғыстау облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жеткізілген. Оған "мидағы қан айналымының өткір бұзылысы" (жаңа туған балалар инсульті) диагнозы қойылған.

Екі айлық балада бас миының қабынуы, дислокациялық синдром және І-ІІ деңгейдегі кома тіркелген. 

Сәбидің жағдайын ауруханаға түскеннен кейін бір күннен соң тұрақтандыру мүмкін болған. Оған екі сағатқа созылған бас сүйегінің трепанациясы жасалған.

Қазір нәресте травматология бөліміне ауыстырылған. Медицина қызметкерлері оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895175-magystauda-drigerler-s-ajlyk-balany-ztkynsagyndagy-sekejdi-alyp-tastady/

pixel