Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты
Жарияланған күні:
Читать на русском
"Атамекен" ҰКП басқармасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, аталған сотталушы сот үкімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеген.
Кейінірек сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.
"Бостандыққа шыққан соң сотталушы пробация қызметінің есебіне қойылды. Ол сот шешімі бойынша барлық шектеуді, міндеттер мен талаптарды, соның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға салынған тыйымды сақтауға міндетті.
Пробация қызметінің қызметкерлері оған жүктелген міндеттер мен шектеулердің сақталуын үздіксіз қадағалап, тұрақты түрде тексерулер мен басқа да бақылау шараларын жүргізеді", - деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚАЖД.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы мамырда Абылай Мырзахметов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сондай-ақ ол өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылып, одан мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленді.
2024 жылдың маусымында сот үкімі заңды күшіне енді. Ол жазасын Павлодарда өтеді.
Былтыр Абылай Мырзахметов екі рет шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2405100-abylai-myrzahmetov-bostandyqqa-shyqty/
