jitsu gif

23 қаңтар күні елде ауа райы қандай болмақ

Қыс
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

23 қаңтар күні республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қар қатты жауатыны күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел сақталады. Шығыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста желдің күші 30 м/с және одан жоғары көтерілуі мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің екпіні 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с және одан жоғары болуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болжанады. Желдің жылдамдығы 23-28 м/с, күндіз таулы аудандарда 30 м/с және одан аса болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с, түнде кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары болуы мүмкін.

Алматы облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Желдің күші 24-29 м/с артатыны күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады.

Ақмола, Қызылорда, облысында, түнде Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-23 м/с артады.

Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Маңғыстау облысының солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі.

23 қаңтар күні елде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.