Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халал жезөкшелік": Жезқазғандық ару жат ағымдағылар жайлы сұмдық жайтты баяндады

Опубликовано:

Орамал
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

14 жасында жат ағым жетегіне ерген жезқазғандық ару өз шындығын айтты. Ол деструктивті дін өкілдерінің адам айта сенгісіз әрекеттерін жайып салды. Видео Youtube желісіндегі Kazislam парақшасында пайда болды.

Есімін атамаған бойжеткеннің сөзінше, түзу жолдан тайып, жат ағымға ілескендер ойына келгенін жасап жүрген.

"Үйде мал сияқты болдым. "Халал жезөкшелік" дейінші. Өте жиіркенішті. Бір-бірінің әйелін алады, ұнамай қала ма, талақ бере салады. Дін демей-ақ қояйыншы, терроризм, ваххабизм ағымы. Өте жақсы спектакль қояды. Қыздарға айтарым, көрінген еркектің қолжаулығы болмай, лайықты жүру керек.

Бойжеткен 2014 жылы теріс діни ағым өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болған. Олар қызды 14 жасында тұрмысқа шығуға үгіттеген.

"Ата-анам қарсы болды. Дінде не харам, соның бәрін істейді. Бір- бірінің әйелдерін алады. Талақ береді, алады, тастайды. Екінші рет діни деструктитвті ағым өкіліне тұрмысқа шықтым. Күйеуім келеді, қонады, кетеді. Бірінші әйелі қатты ауыратын. Ал мен ол кезде үш рет түсік тастадым. Ол келмеді. Достарымен футбол ойнап жүрді. Қайта оның достары, достарының әйелдері көмектесті. 

"Сен неге оларға айтасың, сен әйелсің бе, бәрін өзің көтеруің керек" дейді. Әйелге қысым көрсетеді, неше түрлі айтады. Бір күні Тимур, Олжас деген екі досымен келіп, маған талақ берді. Ал жамағаттың ішінде "мен талақ берген жоқпын, ол өзі ашық түсті орамалдар тағып  кетті, боянды" деген сияқты сылтау айтады.

Ержан деген досы екінші әйел болуға ұсыныс жасады. Мен қарсы болдым. Несібелі деген әйелі арқылы шықты. Бәрібір қарасы болдым. Бір күні саябақта келе жатқанда күштеп ұрлап алып кетті. Өз пәтеріне алып барып, 2 күн қамап ұстады. Ұрып-соқты. Қасындағы досы кетіп қалса тиседі. Ал әлгі досы Нұрғалым келсе, өте тақуа адам бола қалатын. Ұрды да, зорламақшы болды. Сол кезде мен тамырымды кесіп жібердім.

Ең көңіліме тиетіні, мен оларға дін адамдары, Алладан қорқады деп сенген едім. Екінші, үшінші әйел алса, ата-анасымен таныстырмайтын. Өйткені, талақ беретінін біледі. Тек нәпсілерін қандыру үшін ғана алады.

Дағуат айтамыз деп өздері жиналып отырады. Бірақ шын мәнінде шемішке шағып, өсек айтып отырады. "Анау әйел алды, ертең тастап кетеді. Біз алуымыз керек" деген сияқты әңгіме айтады",- дейді ару.

Жезқазғандық қыз 20 жасына дейін көп қиындыққа кезіккенін атап өтті. Ол ата-анасына қарсы шыққанына өкініп жүр.

"Қазір біздің Жезқазғанда ата-анасын тыңдамайтын қыздар көп. Екінші әйел, үшінші әйел болып шығып кетеді. Ақырында жалғыз қалады. Сирияға барып, жыныстық тұрғыда көмек жасасаң шахид болып кетесің деп миыма қатты құйды. Ол кезде 15 жастамын. Сирияға бармадым"- деді бойжеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895279-halal-zezkselik-zezkazgandyk-aru-zat-agymdagylar-zajly-smdyk-zajtty-baandady/

pixel