jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Нью-Йоркте өткен Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы байқалды (видео)

Нью-Йорктегі митинг
Нью-Йорктегі митинг. Видеодан кадр: YouTube

Оппозиционер Алексей Навальныйды қолдау акциялары Ресейде ғана емес, АҚШ-та да болды. Нью-Йоркте өткен наразылық кезінде Қазақстан туы байқалды.

Нью-Йоркте өткен митинг туралы E1.RU басылымына Екатеринбург тұрғыны Дмитрий Ланге айтып берген.

"Навальный мен саяси тұтқындарды қолдауға өте көп адам шықты", - дейді ол.

Лангенің сөзінше, "Үлкен алма" көшесіне тек ресейліктер ғана емес, басқа да орыстілділер, соның ішінде қазақстандықтар шыққан. Тіпті біреулер Қазақстан туын да ала барған.

"Ту, плакат ұстап Таймс-скверге дейін 40 көшені жаяу жүріп өттік. Адамдар кімнің плакаты ең әдемі деп сайысып жатыр. Акцияға тек орыстар ғана емес, орыстілділер де қатысты. Мұнда белорустар бар, Қазақстанның да туы көрінді", - дейді Дмитрий.

Іс-шара туралы ақпарат бірнеше әлеуметтік желіде бірден пайда болған, сондықтан барлығы акция туралы білген. Нәтижесінде бірнеше жүздеген адам қала көшелеріне жиналған.

Еске сала кетсек, кеше 23 қаңтарда Ресейдің бірнеше қаласында Алексей Навальныйдың жақтастары жаппай митингке шықты. Күштік құрылымдар заңсыз ереуілге шыққандарды бірден ұстап әкеткен.

Мәскеудегі Пушкинская алаңында наразылық көрсеткен Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная да ұсталды.

Нью-Йоркте өткен Навальныйды қолдау акциясында Қазақстан туы байқалды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.