Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда интернет арқылы көлік сатып алмақ болған ер адам жарты миллион теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Интернет алаяқтық
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ғаламторда автокөлік сатып алмақ болған Петропавл қаласының тұрғыны жарты миллион теңгесінен айырылып қалды деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Бүгінде Қазазстанда интернет-алаяқтықтың саны артып келеді. Оған қоса, қылмыскерлер де түрлі амал-тәсілдерді ойлап табуда. Мәселен, жақында ғана веб-ресурстардың бірінде хабарландыру бойынша “Hyundai Sonata” автокөлігін сатып алмақ болып, 500 мың теңгесінен айырылып қалған Петропавл қаласының 40 жастағы тұрғыны полицияға жүгінді.

Басқа сатып алушының пайда болғанын алға тартып, психологиялық қысым жасау тәсілін қолданған алаяқ жұбайының еміне шұғыл қаражат қажет деп, петропавлдық алдын ала төлем жасаған жағдайда көлігін оған сататынын айтқан. Ақшаны қолға түсірген алаяқ байланысқа шықпай қояды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.

"Интернет арқылы сауда жасаған кезде жеке бейне шолуды талап еткен жөн: жақыннан түсіріп, нақты бір бөлшектерді көрсетуді сұрау қажет. Сатушы күмән тудыратын болса, алдын ала төлем жасауға келіспеу керек" , – дейді Петропавл қаласының ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов.

Жалпы 2020 жылы СҚО-да 495 интернет-алаяқтық тіркелді, оның 171-і алдын ала төлемді талап етумен байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895433-petropavlda-internet-arkyly-klik-satyp-almak-bolgan-er-adam-zarty-million-tegesinen-ajyryldy/

pixel