Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы жылдамдықты аcырған жүзден астам жүргізушіні ұстады

Опубликовано:

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Жыл басынан бері Алматы полицейлері жылдамдықты арттырған жүзден астам жүргізушіні ұстады. 24 күннің ішінде мыңнан аса ереже бұзушылық тіркелген деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, 24 күнде қала жолдарында 1089 жол ережесін бұзу фактілері анықталған.

  • Ең жиі бұзылған ережелер - әйнектері қараңғыланған көлік құралдарын басқару бойынша 642 жүргізуші, МТНБ-сіз көлік құралын басқару бойынша 287 жүргізуші анықталса, резонаторларды 110 жүргізуші қолданған.

Сонымен бірге, қозғалыстың қарсы жолағына 15 жүргізуші шығып кетіп, тағы 14 адам жүргізуші куәлігінен айырылса да көлік басқарған.

"Өткен демалыс күндерінің өзінде қатты жылдамдықпен басқаруды ұнататын 23 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олар азаматтардың түнгі тыныштығын бұзады", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Еске сала кетсек, сенат жүргузші куәлігін алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады. Құжат президентке қол қоюға жіберілген.

Сонымен бірге ішкі істер вице-министрі интернет жоқ жерде жүргізушілердің құжаттары қалай тексерілетінін айтты. Алексей Калайчиди жол учаскелерінің барлығы бірдей мобильді интернетпен дұрыс қамтылмағанын мойындады.

Айта кетсек, әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары көлікті басқаруда құжаттарды өзіңмен бірге алып жүруден неліктен толықтай бас тартуға болмайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895519-almaty-policiasy-zyldamdykty-acyrgan-zzden-astam-zrgizusini-stady/

pixel