Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрқасын, тұман, көктайғақ: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

көлік
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер 26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жасады. Еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы салдарынан дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.

26 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.

Нұр-Сұлтан қаласында 26 қаңтарда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.

26 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болуы мүмкін. Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

26 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қаласында түнде және таңертең тұман болады.

26 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

26 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

26 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болауы мүмкін.

26-27 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

26 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Көкшетау қадасында түнде және таңертең 26 қаңтарда тұман түседі. Жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі.

26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. 26-27 қаңтарда кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Петропавл қаласында 26-27 қаңтарда жаяу бұрқасын болады. 26 қаңтарда күндіз, 27 қаңтарда тәулік бойы оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

25-28 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 27-28 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/сболады. Тараз қаласында 25-28 қаңтарда кей уақытта тұман түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895610-brkasyn-tman-kktajgak-elimizdi-birnese-irinde-dauyldy-eskertu-zarialandy/

pixel