Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сақтарың сынбасын": Балғынбек Имаш жеңіліп қалған отандық спортшыларға қолдау білдірді

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов
Фото: Instagram/morozclub777

Отандық танымал айтыскер Балғынбек Имаш UFC аралас жекпе-жек турнирінде жеңіліске ұшыраған қос қазақстандық спортшыға қолдау білдірді. Ол Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовты тек жақсы жағынан танитынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Балғынбек Имаш Instagram желісінде Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовқа жазба арнады. Белгілі ақын ел намысын қорғауға аттанып, сәтсіздікке ұшыраған қос спортшыға өзінің ағалық қолдауын білдірді.

Ол аралас жекпе-жек шеберлері алдағы уақытта халықты әлі талай жеңістерімен қуантатынына кәміл сенімді.

"Қазақтың екі бірдей азаматы үшін жанкүйер болдық. Нәтиже біз қалағандай болмаса да, бұның да хайыры болар деп үміт үзбедік. Сергей Морозов пен Жалғас Жұмағұловты жақсы жағынан ғана танимын. Намысты, иманды, тәрбиелі, кішіпейіл, қарапайым жігіттер. Сақтарың сынбасын, жігерлерің құм болмасын. Ең бастысы ниет қой. Елін қорғауға шыққан батыр жау қолынан өлсе де шаһид болады.
Яғни, Алла оның тағдырына жеңіліс жазғанымен, ниетінің тазалығы үшін күнәсін кешіріп, жәннәтқа кіргізеді. Ал бұл өлім құшатын шайқас емес спорт, демек, ес жиып қайта додаға түсуге болады. Көк туды желбіретсек деген ниеттерің үшін ел сендерге тілектес", - деп жазды Балғынбек Имаш.

Еске сала кетейік, отандық спортшылар UFC аясында өткен жекпе-жектерінде жеңіліс тапқан болатын. Жалғас Жұмағұлов төрешілер шешімімен ұтылса, Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтың інісіне мерзімінен бұрын жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895713-saktary-synbasyn-balgynbek-imas-zeilip-kalgan-otandyk-sportsylarga-koldau-bildirdi/

pixel