Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрмаланған мәтін көп": Тоқаев тарих пәні оқулықтарын сынға алды

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Мектептерде "Қазақстан тарихы" мен "Дүниежүзі тарихы" пәндерінен бірыңғай оқулықтар әзірленіп, енгізіледі деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы мемлекет басшысы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

"Мектептерде пайдаланылатын тарих оқулықтарында бұрмаланған мәтіндер көп. Мен өзім кейбір оқулықтарды оқып, сапасының төмендігіне таңғалдым. Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға бұрмалаусыз жеткізілуі тиіс. Сол себепті "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" бойынша бірыңғай мектеп оқулығын әзірлеуді және енгізуді тапсырамын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұдан бөлек, президент 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп бой көтеретінін атап өтті.

Бұл жұмысқа қазірден бастап кірісу қажет. Биыл 200 жаңа мектеп салуды тапсырамын, деп толықтырды мемлекет басшысы.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерлемесі 6%-дан аспауы керек екенін ескерткен едң. Президент "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы халықты жұмыспен қамтудың тиімді құралы екенін атап өтті.

Сонымен қатар мемлекет басшысы үкіметке қараша айына дейін Жер кодексіне түзетулер енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ президенті үкіметтің кеңейтілген отырысында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі мен өңір әкімдеріне халықты жаппай вакциналау мәселесіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1895742-brmalangan-mtin-kp-tokaev-tarih-pni-okulyktaryn-synga-aldy/

pixel