Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Билл Гейтс: Келесі пандемия COVID-19-дан 10 есе жаман болуы мүмкін

Опубликовано:

Билл Гейтс
Фото: Twitter/Bill Gates

Миллиардер әрі Microsoft компаниясының негізін қалаушысы Билл Гейтс әлемнің келесі пандемияға мүлдем дайын емес екенін айтты. Кәсіпкердің сөзінше, ол COVID-19-дан он есе жаман болуы мүмкін деп хабарлайды РИА Новости.

Билл Гейтс әлем коронавирустың жаңа түріне үйреніп қалғанын және оны жер сілкінісі мен торнадо секілді қабылдайтын болғанын айтты.

"Екі жылдан кейін жағдай басқаша болады деп үміттенемін. Вакциналар, тесттер, дәрі-дәрмектер, эпидемиология, мониторинг. Көп нәрсе жасауға болады", — деді Билл Гейтс Süddeutsche Zeitung атты неміс басылымына берген сұхбаты барысында.

Миллиардер әр мемлекеттің үкіметі өз азаматтарын пандемия мен түрлі қауіп-қатердің барлығынан қорғау керек екенін атап өтті.

"Егер дайындық жақсырақ болған жағдайда, екінші пандемия кезінде үлкен айырмашылық байқалар еді" , - деп қоса кетті ол.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы 1413 жаңа дерегі тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896068-bill-gejts-kelesi-pandemia-covid-19-dan-10-ese-zaman-boluy-mmkin/

pixel