Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көп адам жиналатын шараларды үйде де өткізуге тыйым салынды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Olx.kz

Алматыда бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде үйде өткізетін отырыстарға да тыйым салынды. Шектеу спорттық шараларға да әсер етті. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, есте қаларлық, іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу шаралары) өткізуге тыйым салу, соның ішінде үйде және көп адамдар жиналатын басқа да іс-шараларға тыйыс салынады". - делінген құжатта.

Балабақшалар да шектеулермен жұмыс істейтін болады.

"Мектепке дейінгі мекемелердің кезекші топтарды қоспағанда, 15 адамнан аспайтын топтардың толық жиынтығына байланысты қызметіне тыйым салу", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар қыстың үшінші айының басынан оңтүстік астанада театрлар мен кинотеатрлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1413 адам тіркелген. Оның 138-і Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 182 530-ға жетіп отыр.

28 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы 27 қаңтардағы көрсеткіштен өзгерген жоқ. Яғни, Қазақстанның 6 өңірі мен 2 қаласы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Олар: Ақмола облысы, Павлодар облысы, Атырау облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары. Ал "сары" аймақта Қарағанды облысы орналасқан. Қалған өңірлер, атап айтқанда 7 облыс пен 1 қала – "жасыл" аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы "қызыл" аймақта орналасқан.

Сонымен қатар, 26 қаңтар күні үкіметтің кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2021 жылдың соңына дейінгі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жасалған болжамды ұсынған болатын. Оның сөзінше, эпидемияның шарықтау шегі наурыз айының соңында болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896147-almatyda-kp-adam-zinalatyn-saralardy-jde-de-tkizuge-tyjym-salyndy/

pixel