Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотқа Bek Air компаниясының атына бесінші рет арыз түсті

Опубликовано:

Самолеты стоят на стоянке
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сауда министрлігіне қарасты Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air әуекомпаниясын бесінші рет сотқа берді. Іс әуе компаниясынан билет сатып алған, бірақ 2019 жылғы әуе апатына байланысты оларды пайдаланбаған қазақстандықтарға ақшаны қайтаруға байланысты болып отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство сотта 62 адамның мүддесін қорғамақ.

Арыз бойынша талап етілген жалпы сома - 3,5 млн теңге. Заңға сәйкес, арыз бойынша сот екі ай ішінде аяқталуы керек. Ал арыз сотқа 25 қаңтар күні түскен.

Өткен жылдың соңында сот комитеттің төртінші талабын қанағаттандырған еді. Ол уақытта ведомство 153 қазақстандықтың мүддесін қорғаған. Әуе компаниясы тұтынушыларға 9,3 млн теңге қайтаруға міндеттелген болатын.

Алғашқы екі арыз бойынша шешімдер заңды күшіне енді. Ал үшінші арызды Алматы азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа қарастыруы тиіс. Бұл жағдайда мәселе 800-ден аса пайдаланылмаған билетке, яғни, 30 млн теңге жайында болып отыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам оқиға орнында көз жұмған еді. Оның ішінде экипаж командирі де болған.

Кейін әуе апатынан қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды. Ал оқиғадан бір ай өткен соң екінші ұшқыш та қайтыс болды.

Қайғылы жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көз жұмған марқұмдардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ұшақ апатына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанында елімізде жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896214-sotka-bek-air-kompaniasyny-atyna-besinsi-ret-aryz-tsti/