"Путиннің сарайына" кірген журналистер оның ішкі көрінісін видеомен көрсетті
Жарияланған күні:
Mash Telegram каналы Алексей Навальный фильм түсірген Геленджиктегі "Путиннің сарайында" түсірілген видео материалдарды жариялады.
Басылым үйдің ішіне кіріп, Навальный айтқан ақпаратқа сәйкес-сәйкес еместігін тексеруге тырысқан.
Басылымның бас редакторының айтуынша, оларды ғимаратқа алты жылдан бері сарай құрылысын қадағалап отырған техникалық қадағалау өкілі кіргізген. Ғимараттың негізгі кіреберісі Навальный айтқандай қақпасыз тұр.
Басылым зәулім үйдің іші жалаң бетон екенін, құрылыстың алғашқы кезеңінде тұрғанын атап өтті.
"Айналада көптеген жұмысшы жүр, бұрыш-бұрышта құрылысшыларды кездестіресің. Біз ғимаратты аралап жүргенде жұмысшылар бұрғылау, тесу және тағы басқа жұмыстармен айналысып жатты. Бір сағаттың ішінде мен барлық бөлмелерді қарап шыға алдым. Шынымды айтсам, іш пыстырды. Бірақ мен тап сол сарайды көрдім", – деп Mash бас редакторы кадрларға түсініктеме берді.
Видеода дәл сол кальян барының жұмысшы киімдері орналасқан құрылысшылардың киім ауыстыратын бөлмесі ретінде жабдықталғандығы көрінеді. Кір бөлмесі бассейннің жанында орналасқан, ол қазірдің өзінде бар, бірақ құрылыстың бастапқы кезеңінде тұр. Техникалық қадағалау өкілінің айтуынша, душтар осы жерде орнатылады.
"Жатын бөлмелері, жуынатын бөлмелер, кейде тіпті киінетін бөлмелер, шамамен 16 шақты бірдей бөлме. Мұнымен қоса, не үшін екені белгісіз бірнеше кең бөлмелер бар. Бөлмелерді ұзын дәліз байланыстырады. Құрылыс мамандарының айтуынша, есептеуге сәйкес жобаны аяқтау үшін бес-алты жыл кетеді", – дейді видео авторы.
Жүргізуші ғимарат иесінің аты-жөнін де біле алмағанын баса айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896417-putinni-sarajyna-kirgen-zurnalister-ony-iski-krinisin-videomen-krsetti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.