Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі қазақстандық журналист Михаил Дорофеев өмірден өтті

Опубликовано:

Михаил Дорофеев1
Михаил Дорофеев. Фото: facebook.com/mikhail.dorofeyev

Белгілі қазақстандық журналист, Informburo.kz ақпараттық порталының бас редакторы Михаил Дорофеев өмірден өтті. Бұл туралы журналист Бағдат Қожахметов өзінің Facebook парақшасында жазды.

Михаил Дорофеев 48 жасында Алматыда дүние салған.

Ашық дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, журналист Атырау қаласында дүниеге келген.

"Мегаполис", "Евразия-Центр", "Город", "Экспресс К" сынды басылымдарда қызмет еткен.

"Портрет недели", "Дословно" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") сынды телевизиялық бағдарламалардың жүргізушісі болған.

2015 жылдан бері Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық интернет порталының бас редакторы.

Михаил Дорофеев Қазақстан Журналистика академиясының мүшесі. 2018 жылы Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығын алған.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Михаил Дорофеевтің отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896516-belgili-kazakstandyk-zurnalist-mihail-dorofeev-mirden-tti/

pixel