Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап "Спутник V" вакцинасын егу науқаны басталады

Опубликовано:

Вакцинация
Көрнекі фото: piqsels.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда «Спутник V» екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталады деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі Facebook парақшасында.

Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді.

Ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізетін болады.

Ал сәуірден бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.

Алғашқы кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады.

Вакцина салдыруға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Екпе салынар алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді.

Қазақстан бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда коронавируспен бірде-бір тұрғыны ауырып көрмеген ауыл табылғанын жазған едік. Ол Жамбыл облысында орналасқан.

Одан бөлек, Алматы қаласы коронавирус дертінің таралу көрсеткіші бойынша "жасыл" аймаққа енгенін жазған болатынбыз. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896540-kazakstanda-1-akpannan-bastap-sputnik-v-vakcinasyn-egu-naukany-bastalady/

pixel