Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас санитар дәрігер COVID-ке қарсы вакцинадан кейін өзін қалай сезінеді

Опубликовано:

Ерлан Қиясов
Фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Қазақстанның Денсаулық сақтау вице-министрі коронавирусқа қарсы вакцинадан кейінгі өзінің денсаулық жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бас санитарлық дәрігер және вице-министр Ерлан Қиясов камера алдында коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын салдырды - вакцинация Нұр-Сұлтан қаласының №6 қалалық емханасында өтті.

Вакцинацияға арналған медициналық кабинеттің ауданы кішігірім болғандықтан және түсірілімге көптеген журналистер келгендіктен, процедураны санитарлық ережелерді бұза отырып, өткізуге тура келді - бөлмеге ондаған оператор мен фотограф кіргізілді.

Бөлмеде таза ауа болуы үшін дәрігерлерге терезені ашуға тура келді. Ерлан Қиясов кей журналистердің кабинеттен шығуын өтінгенімен, түсірілім жасаудың қажеттілігіне байланысты көп адам жиналғанына қарамастан, вакцина салдыру шешімі қабылданды.

Процедурадан кейін вице-министрге бейджик тағылды - бұл пациентті 30 минут бойы бақылау керек екенін аңдатады. Қиясов вакцинациядан кейін ешқандай ыңғайсыздық сезінбегенін және жұмысына бара жатқанын айтты.

Вице-министр Ажар Ғиният болса, журналистердің "қоршауынан" құтыла алды - кабинеттің дәл ортасына перде ілініп, журналистер оны перде сыртынан түсіріп жатты. Ол вакцина салынғаннан кейін 30 минут бойы дәрігерлердің бақылауында болмай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беруге кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896631-bas-sanitarlyk-driger-covid-ke-karsy-vakcinadan-kejin-zin-kalaj-sezinedi/

pixel