Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дереу хабарлаңыз": ішкі істер министрі қазақстандықтарға үндеу жасады

Опубликовано:

Ерлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев. Фото: Ішкі істер министрлігі

Қазақстанда 1 ақпан "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында азаматтарға ыңғайлы "102" мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жаңа сервистің мүмкіндіктері туралы айтты.

"Министрлік алдында тұрған міндеттердің бірі – заманауи, технологиялық, азаматтардың сеніміне ие ішкі істер органдары жүйесін құру болып табылады. Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез-келген ақпарат найзағайдың жылдамдығындай тез тарайды. Біз полицияның азаматтардың хабарламаларына ден қоюы да осындай тез болғанын қалаймыз", – деді министр.

Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың басынан бастап министрлік ішкі істер органдарын жаңғырту жұмыстарын бастады. "Елдегі қазіргі жағдай құқық қорғау органдарына жаңа талаптар қояды, олар азаматтардың сұраныстарына жауап беруі керек" деп атап өткен ел Президенті 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында полиция реформасы бойынша нақты міндеттер қойды.

"Бүгін "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында біз ресми түрде азаматтарға ыңғайлы жаңа сервис – "102" мобильді қосымшасын іске қосамыз. Ақпараттық технологиялардың қазіргі даму деңгейінде кез-келген ақпарат найзағайдың жылдамдығындай тез тарайды. Біз полицияның азаматтардың хабарламаларына ден қоюы да осындай тез болғанын қалаймыз", – деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Тәулік сайын полицияның жедел басқару орталықтарының операторлары 102 арнасына келіп түскен 10 мыңға жуық хабарламаға жауап береді.

Сонымен бірге, оқиға туралы ақпарат полицияға емес, әлеуметтік желілерге жіберілетін жағдайлар көптеп кездеседі. Әдетте, әртүрлі оқиғалардың куәгерлері фотосуреттерді немесе видеоларды өз парақшаларында жариялайды немесе танымал пабликтерге жібереді.

"Егер өзіңіздің немесе өзгенің қауіпсіздігіне немесе өміріне қауіп төніп тұр деп ойласаңыз, мас адамның рөлге отырғанын көрсеңіз, зорлық-зомбылықтың куәсі болсаңыз, жануарларға қатыгездік жасалып жатқанын көрсеңіз, күдікті адамды байқасаңыз, дереу хабарлаңыз. Тек бірлескен күш-жігерімізбен ғана біз құқық бұзушылыққа төзбейтін және қауіпсіз қоғам құрамыз", – деді ішкі істер министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896641-dereu-habarlayz-iski-ister-ministri-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/

pixel