Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Бекшин мен Бабақұмаров коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Жарияланған күні:

Жандарбек Бекшин
Жандарбек Бекшин. Фото: Петр Карандашов

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев бүгін коронавирусқа қарсы Sputnik V вакцинасын салдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірінші болып вакцинаны әкім орынбасары Ержан Бабақұмаров, кейіннен Жандарбек Бекшин, соңғы болып Нариман Табынбаев қабылдады.

Ержан Бабақұмаров
Фото: NUR.KZ
"Вакцина пандемияны тоқтатады деп сенемін", - дейді Бабақұмаров.

Вакцина еккен медбике препарат -18 градус температурада сақталатынын айтты. Кейіннен препарат 5 минут жылуы керек. Вакцинада мұз болмауы қажет деп атап өтті әкім орынбасары.

Лауазымды тұлғалардан кейін №5 қалалық клиникалық ауруханасының бес қызметкері екпе қабылдады.

Айта кетейік, бүгін 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Сонымен қатар Ерлан Қиясов вакцинаның қанша тұратынын айтып берді. Оның сөзінше, екі компонентті доза 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады.

Сондай-ақ Қиясов шенеуніктерге COVID-19-ға қарсы екпенің орнына витамин немесе басқа вакцина салады деген қауестке де қатысты пікір білдірді.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер вакцина салдырғаннан кейін жағымсыз әсер болса, министрлік әрбір жағдайды жеке дара зерттейтінін де атап өтті. Ол үшін арнайы комиссия құрылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896711-almatyda-beksin-men-babakmarov-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrdy/