Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның өзіндік құны қанша

Опубликовано:

қиясов
Фото: batys.info

Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда салынып жатқан вакцинаның өзіндік құны қанша екенін айтып берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Дәрігерге "Ресейден жеткізілген және Қарағандыдан шығарылатын вакциналардың өзіндік құны қанша?" деген сұрақ қойылған.

Ал Қиясов іс жүзінде өзіндік бағалары шамалас болатынын жеткізген.

"Алайда, вакцинаны Қарағандыда шығаратын болсақ, оның артықшылықтары бар. Біріншіден, өндіріске өзіміз тікелей қатысамыз, барлық өндіріс циклін қадағалай аламыз. Бұл бізге осы тәжірибені одан әрі дамытуға мүмкіндік бермек. Менің ойымша, логистикаға байланысты қандай да бір шығындар болуы ықтимал", - деді бас санитар дәрігер.

Қиясов COVID-19-ға қарсы вакцинацияның халыққа тегін екенін еске салды және вакцинаның екі компонентті дозасының бағасын (өзіндік құнын) атап өтті.

Оның сөзінше, екі компонентті доза бүгінгі күні 26 доллар (11021,4 теңге) тұрады. Бұл – ресейлік вакцина.

"Жалпы алғанда, вакцинаның бағасы қай жерде шығарылатынына қарамастан, Ресейде немесе Қазақстанда осындай болады", - деді Қазақстанның бас санитар дәрігері.

Еске сала кетсек, бүгін, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталды. Екпені алғашқылардың бірі болып бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1896657-kiasov-kazakstanda-salynyp-zatkan-vakcinany-zindik-kny-kansa-ekenin-ajtty/

pixel