Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалады

Опубликовано:

Қызғалдақтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел тұрғындары алдағы наурыз айында екі бірдей мерекені атап өтеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ қазақстандықтар наурыз айында неше күн демалатынын назарларыңызға ұсынады.

Көктемнің екінші аптасын бастағалы тұрған мереке – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні. Биыл бұл күн дүйсенбіге сәйкес келіп тұр. Сол себепті аптасына бес күн жұмыс істейтін азаматтар қатарынан үш күн (6, 7, 8 наурыз) демалады.

Ал Наурыз мерекесі кезінде қазақстандықтарға 5 демалыс күні беріледі. Яғни, сенбі 20 наурыздан бастап сәрсенбі 24 наурызға дейін.

Наурыз мерекесінде берілетін ресми үш демалыс күннің бір күні (21 наурыз) жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күні сәрсенбіге яғни 24 наурызға ауыстырлады.

Осылайша, Қазақстан халқы наурыз айында 12 күн демалып, 19 күн жұмыс істейді.

Айта кетейік, аптасына бес күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 2021 жылы 120 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс аптасы болса 68 демалыс күні беріледі.

Сонымен бірге мамырда үш мемлекеттік мереке бар. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні.

1 мамыр сенбіге, ал 9 мамыр жексенбіге түсіп тұрғандықтан, екі мерекеден кейінгі дүйсенбі демалыс күні болып саналады. Осылайша, мамырда қазақстандықтар 13 күн демалады.

Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы мұсылмандарға арналған 2021 жылдың діни мерекелер кестесін бекіткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897242-qazaqstandyqtar-nauryz-aiynda-nese-kun-demalady/

pixel