Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында қылмыстық топ жүздеген миллионды қалтасына басқан

Опубликовано:

теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ

Қостанай облысында қылмыстық топ ауылшаруашылығына құрал-жабдықтар сатып алу кезінде жүздеген миллионды қолды қылған. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Құзырлы мекеменің хабарлауынша, агенттік қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен бір топ адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағы (аса ірі мөлшерде алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені қолды қылған", - деп түсіндірді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

Бұл қаражат Қостанай облысындағы шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдалану арқылы ұңғымалардан суды шығаруға арналған жабдықтарды сатып алуға субсидия ретінде бөлінгені атап өтілді. Бүгінде қылмыстық іс сотта қаралуда.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің лауазымды тұлғалары сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін сотталғанын жазған едік.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 22 адамға қатысты 6,5 млрд теңге көлемінде аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеудің аяқталғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, Қарағандыда пәтер иелеріне 1,5 миллионнан астам шығын келтірген ұры ұсталғанын жазған болатынбыз. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897485-qostanai-oblysynda-qylmystyq-top-zuzdegen-milliondy-qaltasyna-basqan/

pixel