Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бір отар қойды пойыз басып кетті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында жүк пойызы 14 қойды басып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, "Қопа-Жиренайғыр" аралығында жүк пойызының машинсі темір жол бойында бір отар қойдың жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежегішті іске қосқан.

Алайда 14 қойды басып кеткен. Нәтижесінде пойыздың 9 минут тұрып қалғаны белгілі болды.

Көліктегі полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Сарықұл Жолановтың сөзінше, Шамалған станциясындағы желілік полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шарасы барысында қойдың иесі Алматы облысының 51 жастағы тұрғын екендігі анықталған.

Аталған азамат Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 559-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Полиция полковнигі оның үстінен әкімшілік хаттама толтырылғанын жасырмады.

Овец сбили в Алматинской области
Фото: пресс-служба ДП на транспорте

Естеріңізге сала кетейік, "Шымкент-Нұр-Сұлтан» бағытындағы пойызға мінген 41 жастағы жолаушы екі миллион теңгеге жуық ақшасын вагонда ұмытып кеткен болатын.

Пойыз елордадағы "Нұрлы жол" станциясына жеткен кезде вагон қызметкері полиция қызметкерлеріне екі миллион теңгеге жуық ақша бар сөмкені қайтарып бергені белгілі болды.

"Қарағанды қаласынан пойыздан түстік. Сол кезде өзіммен болған мына қара сумка ішіндегі ақшасымен ұмыт қалдырғанбыз вагонда. Шұғыл әрекет ету кезінде Аққалиев Берік екеуі сөмкемізді ішіндегі заттарымен ақшасымен түгелдей тауып берді", - дейді Шымкент қаласының тұрғыны Ерболат Әмірханов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897525-almaty-oblysynda-bir-otar-qoidy-poiyz-basyp-ketti/

pixel