Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес мыңға жуық ағаш жойылды": Экобелсенді Алматы тауларында ағаштар кесілгенін мәлімдеді

Опубликовано:

Ағаш
Көрнекі фото: piqsels.com

Тимур Елеусізов Алматы қаласының Бостандық ауданы мен Іле Алатау ұлттық паркінің шекарасында бес мыңға жуық ағаш кесілгенін айтты. Ал Жасыл экономика басқармасы ағаш кесуге ешқандай рұқсат берілмегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Экобелсенді өзінің Instagram-дағы парақшасында Бостандық ауданы мен Іле Алатау ұлттық паркінің шекарасында ағаштар кесілгенін айтып, видео жариялады.

"Мұнда Қазселденқорғау төтенше жағдайлармен бірігіп селден қорғау құрылысын жүргізіп жатыр. Кейбір мәліметтерге сәйкес, жасыл желектерді бұзуға рұқсат жоқ. Ал бұл жасыл желектердің барлығы ішінара Алматыда, сондықтан Жасыл экономика басқармасынан рұқсат алуы керек. Ағаштар толығымен кесілген. Болжам бойынша, бес мыңға жуық ағаш", – деді Тимур Елеусізов.

Жасыл экономика басқармасы ақпаратқа түсініктеме беріп, жасыл желектерді бұзуға рұқсат берілмегенін айтты.

"Бостандық ауданындағы Аюсай өзенінің сағасынан төмен жердегі ағаштар кесілді. Көрсетілген мекенжай бойынша басқарма ағаштар кесуге рұқсат берген жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Кесілген жасыл желектердің саны мен түр құрамы, сондай-ақ келтірілген зардапты анықталып жатыр, нәтижелері туралы міндетті түрде хабарлаймыз", – деп хабарлады Жасыл экономика басқармасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін алматылықтар қала ортасындағы ағаштардың кесілгеніне шағымданған болатын.

Желіде қырқылған ағаштардың фотолары пайда болған еді. Алматылықтардың сөзінше, бұл Төле би көшесінің маңында бірнеше жылдан бері өсіп тұрған емен ағаштары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897532-bes-mynga-zuyq-agas-zoiyldy-ekobelsendi-almaty-taularynda-agastar-kesilgenin-malimdedi/

pixel