Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тәңірдің сыйы": Маңғыстауда 30 жұп егіз тұратын ауыл жайлы не білеміз

Опубликовано:

Егіздер
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Үштаған ауылында 30 жұп егіз тұрады. Олардың алды 40 жаста болса, ең кішілеріне төрт ай болған деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үштағанда басқа елді-мекендерге қарағанда егіздер жиі дүниеге келеді.

Жалпы ауылда екі мыңдай адам тұрады. Соның ішінде 30 жұп егіз бар.

Мұндағы "Жаңа ауыл" көшесінде егіздері бар жеті бірдей отбасы тұрады. Ол халық арасында "егіздер көшесі" деп аталып кеткен екен.

Ал Назаровтар отбасында бірінен кейін бірі сыңарлар өмірге келіпті.

"Біз мұны Тәңірдің сыйы деп есептейміз. Егіз қыздарымыздан соң араға төрт жыл салып егіз ұлдарымыз дүниеге келді. Табиғаттың мұндай сыйына шексіз ризамыз", – дейді ауыл тұрғыны Айдос Назаров. Жалпы бір ауылда бірнеше сыңардың өмірге келуі сирек кездеседі. Үштағанда 1981 жылдан қазіргі уақытқа дейін мұнда 30 жұп егіз өмірге келген. Қазір олардың ең кішілері төрт айлық нәрестелер.

Сарапшылардың сөзінше, бұл таңғажайып құбылыс ғылыми тұрғыдан әлі толық зерттелмеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда 25 жастағы келіншек төртемді өмірге әкелгенін хабарлаған едік.

Жүктілігі ауыр өткен келіншекті дәрігерлер 30-шы аптасында ота жасап, босандырып алған.

Дүниеге 1 ұл бала мен 3 қыз бала келген. Нәрестелерге Расул, Фанара, Айла мен Нарин есімдері берілген. Сәбилер отбасының алғашқы балалары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1897599-tanirdin-syiy-mangystauda-30-zup-egiz-turatyn-auyl-zaily-ne-bilemiz/

pixel