jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Жүргізуші куәлігінің орнына қандай құжаттарды көрсетуге болады

Ер адам көлік айдап бара жатыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасары онлайн-брифингте көлікті тоқтатқан кезде полицияға жеке куәліктің электрондық нұсқасын көрсетуге бола ма деген сұраққа жауап берді. Жақында президент аталған құжаттарды алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Егер жеке куәлігі болмаса, азаматтың жеке басын анықтау мақсатында жеке куәліктің суретін, шетел төлқұжаты, студенттік билет немесе eGov mobile-дағы құжаттардың электронды нұсқасын көрсетуге бола ма?", – деп сұрады журналистер.

Бұған жауап ретінде Серік Түсіпов заң бойынша құжаттардың тек 12 түрі жеке басын куәландыратын құжаттарға жататынын айтты. Олардың қатарына студенттік билет кірмейді.

"Жүргізуші жеке куәліктен басқа шетелдік төлқұжатты көрсете алады. Цифрлық құжаттарға келетін болсақ, шын мәнінде, цифрлық даму министрлігі мұндай қызметтерді дамытып жатыр. Бірақ жеке басын куәландыратын құжаттар туралы заңға сәйкес, оларға тек материалдық нысандар жатады", – деп түсіндірді маман.

Алайда ол бұдан әрі цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігін жоққа шығармады.

Еске салсақ, Серік Түсіпов Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен көліктің техтөлқұжатын беру жалғасатынын айтты.

Әкімшілік полиция комитеті басшысының орынбасарының айтуынша, аталған мемлекеттік қызмет әлеуметтік маңызды болып табылады. Оның сөзінше, елде жыл сайын шамамен 500 мың адам жүргізуші куәлігін алады. Шамамен 1,5 миллион көлік құралын тіркеу туралы куәлік берілген.

Жүргізуші куәлігінің орнына қандай құжаттарды көрсетуге болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.